Елбасының қатысуымен Жастар жылының ашылуы салтанатты шарасы «Хабар», «Хабар24» телеарналарынан тікелей көрсетілім ұйымдастырылды

Елбасы әрдайым жастарды қолдап, «Еліміздің болашағы – жатардың қолында» – деп айтқаны бәрімізге мәлім. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «2019 – Жастар жылы» деп жариялауы жастарға үлкен мүмкіндік беруі.

2019 жылдың 23 қаңтар күні сағат 10:00-де колледж мәжіліс залында және оқу залында Астана қаласы «Нұр Әлем» павильонында Елбасының  қатысуымен ұйымдастарылған Жастар жылының ашылу салтанатты шарасы «Хабар», «Хабар24» телеарналарынан тікелей көрсетілімі ұйымдастырылып, колледж студенттері тамашалады. Шараға 4 бөлімнен 154 студент қатысты.

Сонымен қатар Астана қаласында Жастар жылының ашылу салтанатында Елбасымен кездесуге БҚО бойынша бір топ делегаттары қатарында  колледждің  «Өрт қауіпсіздігі» мамандығының 3 курс студенті Шафхат  Жумалиев қатысуда.