Белгілі қаламгер Губайдуллин Бауыржан Файзоллаұлымен кездесу өтті.

2019 жылдың 22 қаңтар күні Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында белгілі қаламгер Губайдуллин Бауыржан Файзоллаұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында Бауыржан Файзоллаұлының  өмірбаянытуралы видеоролик көрсетіліп, қаламгерөмірден  алған сабақтарымен,  қызықты естеліктерімен бөлісті. Студенттер қызығушылық танытып сұрақтар қойып, көптеген қызықты мәліметтер алды. Шара соңында студенттер Бауыржан Файзоллаұлымен естелік суретке түсті. Кездесуге 25 студент қатысты.