06.05.2020 12:42

БҚО Дін істер басқармасы жастар арасында діни экстремизмге қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын жетілдіру мақсатында 2020 жылдың 06 мамыр күні, Дін мәселесін зерттеу орталығының теолог маманы Б. Дүйсенәлінің қатысуымен Zoom бағдарламасы арқылы өткен семинарға ӘГП ПЦК оқытушылары түгел қатысты. Сондай ақ колледж студенттері де қатыстырылды.

Семинарда төмендегі мәселелер қозғалды:
1. Жасөспірімдер арасында дұрыс жолды айыра білу үшін үнемі ақпарат беру, теолог мамандармен кездесулер ұйымдастыру.
2. Ораза айында студенттер арасында ораза ұстау туралы дұрыс түсінік қалыптастыру.

31.01.2019 14:00

2019 жылдың 25 қаңтар күні Жоғары аграрлық – техникалық колледжінің 85 жылдығына және Ауғанстан Демократиялық Республикасының шығарылғанына 30 жыл толуына орай колледж қызметкерлері арасында Денсаулық спартакиадасы ұйымдастырылды.