Спорттық шара ұйымдастырылды

          Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Салауатты өмір салтын ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен санитарлық шараларын сақтауымызға қажет- деген болатын. Осы орайда 2019 жылдың 19 қаңтар күні колледж спорт залында тәрбие бөлімі мен Дене тәрбиесі ПЦК-сы ның бірігіп ұйымдастыруымен «Жайық пресс» медиахолдингі қызметкерлері арасында спорттық эстафетадан біріншілік өтті. Жарыс 7 кезең бойынша ұйымдастырылды. Шара соңында жеңімпаздар командалар жүлделі орындар мен алғыс хаттармен марапатталды.