Қарттары бар ел – қазыналы ел.

Қарияларға қамқорлық – біздің халқымыздың санасына терең сіңген қасиет. Ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында қазақстанда ардагерлерге қамқорлық жасауда ауқымды шаралар іске асырылуда.

2014 жылдың 24 қараша күні колледж оқушылары «Мейірімділік айлығы аясында» қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Орал медициналық әлеуметтік мекемесінде болып қайтты. Бүгінгі ұрпақ үшін жасаған бар жақсылықтары үшін шынайы алғыстарын білдіріп, оларға зор денсаулық, көтеріңкі көңіл – күй тіледі. Оқушылар ардагерлерге арнап концерттік бағдарлама қойып, кездесу соңында ардагерлерге аздаған  сыйларын тарту етті.

 Егде тартқан жастарыңыз еңселеріңізді түсірмей, өмірлік күш – қуаттарыңыз ұзағынан болғай! Жүректен шыққан ізгі тілектерімізді қабыл алыңыздар деген тілекпен колледж оқушылары кездесу соңында естелік суретке түсті.