Білім күніне орай оқу топтарында қашықтықтан тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.

Жоғары аграрлық- техникалық колледжінде 1-2 курс студенттері арасында дәстүрлі түрде 1қыркүйек Білім күніне орай «ҚР Конституциясына 25 жыл», «Елдің асыл тірегі Ата заң», «Тәуелсіздік тірегі – Ата заң», «Конституция – кемелдік кемелі», «Конституция – Тәуелсіздіктің негізі», «Конституция – Біздің болашағымыз» және т.б. тақырыптарында ZOOM, Classroom, Wattsap арқылы қашықтықтан тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Тәрбие сағаттарына колледждің ардагер ұстаздары мен колледж «Рухани жаңғыру» музейінің меңгерушісі қатысып арнайы дайындалған презентациялар, видеороликтер және слайдтар көрсетілді. Барлығы 37 оқу тобынан 927студент қатысты.


Жарияланды: 02.09.202014:16