Блог директора

1.Тегі, аты-жөні: Мухамбеталиев Серик Хайрович
2.Лауазымы, жұмысы, қызмет орны (бөлімшенің, кәсіпорыннның, мекеменің, ұйымның, министрліктің, мемлекеттік комитеттің дәл атауын көрсету):
директор, «Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасы Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
3. Жынысы: ер
4 . Туған жылы және туған жері: 1967 жыл. Өлеңті ауылы
Сырым ауданы , Батыс Қазақстан облысы

5. Ұлты: қазақ
6. Білімі: жоғары, Батыс Қазақстан Ауыл шаруашылық институты, агрономия,
Батыс – Қазақстан инженерлі – технологиялық университеті, «мұнай – газ ісі» мамандығы бойынша
7.Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты
8. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік марапаттарына ие болды, марапатталған уақыты, медальдар:
9. Жалпы жұмыс өтілі: 29 жыл

10. Саладағы жұмыс өтілі: 19 жыл
11. Осы ұжымдағы жұмыс өтілі: 19 жыл
Мухамбеталиев Серик Хайрович – өзінің еңбек жолын «Фрунзенское» оқу- зертханалық шарушылығында агроном-тұқымшы болып бастады. 1994 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтының жанындағы аспирантураға түсіп, 1999 жылы Самара ауылшаруашылық академиясында 06.01.09 «Өсімдік шаруашылығы» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады.
2011 жылы «Мұнай – газ ісі» мамандығы бойынша Батыс – Қазақстан инженерлі – технологиялық университетін бітірді.
1997 жылы колледжге «Геодезия» пәнінің оқытушысы ретінде жұмысқа қабылданды, 2000 жылы ауылшаруашылық мамандықтары бойынша колледждердің Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің төрағасының орынбасары болып сайланды. 2001 жылы оқу жұмысы бойынша директордың орынбасары болып тағайындалды. 2006 – 2012 жылдары БҚО білім басқармасының облыстық әдістемелік комиссияның оқу жұмысы бойынша директор орынбасарларының, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу жұмыстары бойынша жетекшілік етті. 2006ж «Жоғары санатты әдіскер» біліктілігін алды. 2012 жылы директор болып тағайындалды.

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының және типтік оқу бағдарламаларының, 100 деген ғылыми-әдістемелік әзірлемелердің және басылымдарының, әдістемелік кешенінің және т.б авторы болып табылады.

Білім беру Департаментін ҚР заңнамасын сақтауды тексеру бойынша Қазақстан Републикасының білім және ғылым минстрлігінің білім және ғылым саласын аттестаттау және бақылау бойынша комитеттің комиссия құрамында мүше болды.
С.Х.Мухамбеталиев педагогикалық қызметі қорытындысы бойынша марапатталды:
– 2004 жылы «Қазақстан Республикасы білім беру лидері» кітабына енгізілді (Қазақстан Републикасының білім және ғылым минстрлігі);
– 2005 жылы «Жас отбасылар үшін тұрғын үй» республикалық байқауына оқушыларды дайындағаны үшін «Жастар таңдауы» республикалық қоғамдық бірлестігінің алғыс хаты;
– 2007 жылы БҚО білім беру Департаментінің Құрмет грамотасы;
– 2008 жылы Батыс – Қазақстан облысы әкімінің алғыс хаты.
– 2014 жылы Ыбырай Алтынсарин белгісімен марапатталды.
Азаматтарды қабылдау уақыты әр аптаның сәрсенбі күні сағат
15.00-17.30 аралығында.
Сенім поштасы: ukgnot.doveriya@mail.ru

.

Сұрақ қою