Жаңалықтар

06.11.2019 14:57

“Өрлеу”БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ” АҚ ФИЛИАЛЫ БҚ облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастырылуымен 25.10.19 жылы “Сəкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған” дөңгелек үстел, өткізілген ашық сабағымен “Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық жəне кəсіптік, жоғары білім ұйымдары үшін бейне сабақтар мен бейне-дəрістердің жыл сайынғы “Педагогикалық идеялар панорамосы” Республикалық байқауының облыстық кезеңіне қатысып, “Жалпы білім беру пəндерінің оқытушылары” аталымы бойынша  Акишева Заурет Исаевна l жүлделі орын ДИПЛОММЕН марапатталды. Деніңізге саулық, еңбегіңізге  шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер, тың идеялар тілейміз! Игі т/б: Жоғары аграрлық -техникалық колледж əкімшілігі.

30.10.2019 14:45

2019 жылдың 30 қазан күні  сағ. 12.30 –да І ауысым кезеңіңде терроризмге қарсы және оның алдын – алу мақсатында  «Барлығының назарына!» дабылы қағылып,  оқытушылар мен студенттер және колледж қызметкерлерімен  эвакуациялау жаттығу жұмыстары жүргізілді. Оқу жаттығу нәтижесі бойынша  АӘ және ТД пәнінің оқытушысы М.У.Амиргалиев  колледж директоры, азаматтық қорғаныс басшысы С.Х.Мухамбеталиевке оқу ғимараты 4минут 10секундта босатылып, колледж ұжымы қауіпсіз жерге көшірілгені жөнінде баяндады. Шараға барлығы 793 адам қатысты.

30.10.2019 10:09

2019 жылдың 28 қыркүйек күні колледж акт залында «Қазақстан Қызыл айы» қоғамы БҚО филиалының маманы Кенешова Светлана Владимировна студенттермен кездесті. Шара барасында студенттерге төтенше жағдайлар кезіндегі, террорлық шабуыл кезінде адамдар жарақат алған уақытта қандай алғашқы көмек көрсету керектігін студенттермен біріге отырып , практикалық түрде қолдағы бар нәрсемен таңу түрлерін  көрсетіп, практикалық тұрғыда жасады. Шараға 72 студент қатысты.

30.10.2019 09:02

Қайырымдылық айлығына орай 28 қазан күні колледж кітапхананасында «Қайырымдылық адам жанының нұры» атты көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты өскелең жас ұрпақты мейірімділікке, қайырымдылыққа баулу. Көрмеге  КТ 211 мен СТ 221 топ студенттері  қатысты.

30.10.2019 08:55

Өрт сөндіргіш – бұл өрттен қорғайтын, қазіргі кездегі ең көп таралған құралдардың бірі.  Оның негізгі функциясы – өрттің бастапқы кездерін жою.  Өрт сөндіргіштер өртті қысқа мерзімде сөндіріп қана қоймай, жалынның тез таралуына жол бермейді.

2019 жылдың 25 қазан күні колледж оқу залында  терроризмге қарсы дайындық бойынша теориялық – практикалық шара ұйымдастырылды.

Шара барысында өрт сөндіргішті  қолдану бойынша практикалық сабақ өткізілді. БҚО ТЖ департаментінің, өрт сөндіру және авария құтқару жұмыстарын жүргізу қызметі №22 ӨСБ маманы  С.Ә.Құрманқұл және АӘД пәнінің оқытушысы М.У.Амиргалиев  студенттерге өрт сөндіру құралының төтенше жағдайларда қолданылу әдісі, құрал түрлері және әрекет ету принциптері, дизайн ерекшеліктері туралы түсіндіріп өтті.

Шараға 57 студент қатысты.