Емтиханды қашықтан өткізу

Бүкіл әлем күрделі кезеңді бастан кешуде. Өкінішке орай, дерттің елімізді айналып өтпей, дүрбелең уақытта біздің елімізде де Президентіміздің үндеуімен студенттер қашықтықтан оқыту жүйесіне көшкені белгілі.

Осы орайда, колледж ұжымының бірлігі мен берекесінің арқасында енгізілген қашықтықтан оқыту жүйесі бір жолға қойылып, ұстаздар біліктілігімен сабақ берудің түрлі әдіс-тәсілдері көрініс тауып, Classroom,  Zoom платформалары арқылы оқытушы мен студент арасында кері байланыс орнатылуда.

Білім сипаты алуан түрлі болғанменен, ақыл-ойдың жемісі сапалы білім нәтижесімен өлшенеді. Осы орайда, оқыту бағдарламасына сәйкес бекітіліп, жоспарланған емтихан қабылдау жүйесінің жұмысын да жалғастырып кеттік. Classroom,  Zoom арқылы студенттердің ағымдық емтихандарын қабылдадық.

 

 

 


Жарияланды: 27.04.202009:19