Қыз тәрбиесі

Бойжеткен қыздар клубының жетекшісі А.К.Исатаеваның ұйымдастыруымен “Ұлтты қыз сақтайды” атты қыздар клубының кезекті отырысы өтті. Шара Елдегі пандемияға байланысты zoom бағдарламасымен оздырылды. Шараға колледж директорының ТЖ бойынша орынбасары Н.Г.Хайруллина, педагог-психологы Т.К.Ержанова, қала тұрғыны Ләйлім ханым мен келіні Динара, колледж оқытушылары, студенттер мен клуб мүшелері қатысып, қыз тәрбиесі туралы құнды ақпараттармен бөлісіп, өз пікірлерін білдірді.


Жарияланды: 05.06.202014:56