Новости

14.02.2020 14:19

Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу болып табылады. Осы орайда 2020жылдың 12ақпан күні топ жетекші Ш.К.Закаринаның ұйымдастыруымен «Құқықбұзушылық және жауапкершілік» тақырыбында шара өтті. Шараға ТЖ бойынша директордың орынбасары Н.Г.Хайруллина, психолог Т.К.Ержанова және Абай бөлімінің кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі полиция инспектора  Утегенов А. Н.қатысты

14.02.2020 14:10

Жастардың қылмыс жасауы қазіргі уақытта көз үйренген көрініске айналып барады.Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейім болып келетіні рас. 14ақпан күні 1-2курс студенттеріне «Құқықбұзушы және жазаланушы» тақырыбында жазасын түзету колониясында өтеп жатырған жасөспірімдер туралы видеороликтер көрсетілімі ұйымдастырылды. Шараға 117 студент қатысты.

07.02.2020 14:44

Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 31 қаңтар күні халықаралық деңгейде аталып өтілетін және еске алынатын күндерге орай  «Ағымдағы жылдың келбеті» тақырыбында кітап көрмелердің таныстырылымы өтті. Көрмеге Жоғары Аграрлық-Техникалық колледжінің МГ431 топ студенттері белсене қатысты.Мақсаты жас ұрпақты Отанды сүюге,өз елін,тарихын білуге,жалпы адамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белестерін арттыруға бағыттау;патриоттық тәрбие беру.

30.01.2020 12:34

Бүгін 31 қаңтар күні  Ұлы Жеңістің  75 жылдығына орай облыс көлеміндегі «Біз – Жеңіс мұрагерлеріміз!» атты акциясы аясында Жоғары аграрлық-техникалық колледжі студенттері Ұлы Жеңіс жолында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен және бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне орай, Кеңес Одағының батыры Темир Масиннің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып,  ерліктеріне тағзым жасады. Шараға Ұлы Отан соғысының ардагері Х.А.Сафин, колледж директоры С.Х.Мухамбеталиев,  «Ауғанстан Ардагерлерінің Одағы» ҚБ төрағасы О.В.Пимонов, Ауған соғысының ардагері А.Г.Веремин қатысты.  ҚР 5517 әскери бөлімінің оркестрінің сүймелдеуімен әскери марштар орындалған шарада сөз алған Ұлы Отан соғысының ардагері және колледжіміздің 1949 жылғы түлегі Х.А.Сафин сұм соғыстың тағдырлы тарихын баяндай отырып, бүгінгі студент- ертеңгі мамандарға қаһарман ерлердің қажырлы даңқына тағзым жасау — елдіктің белгісі екенін айтты. Сондай-ақ, О.В.Пимонов та колледж басшысы мен барша шәкірттерге бұл шараны бүгінгі ұрпақтың бақыты үшін фашизмге қарсы тұрып, оққа ұшқан майдангерлердің ерлігіне және  922-ші атқыштар полкінің командирі, капитан, бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен Темір Масиннің рухына көрсетілген құрмет ретінде атап өтіп, алғысын бідірді.

Зымыраған уақыттың қанатындағы Жеңістің 75-ші көктемі қарсаңында өткен бұл шара патриоттық рухтарын көтерер студенттерге тәлімді тәрбие бергені сөзсіз.

27.01.2020 15:06

Денсаулық – бұл адамның еңбеке белсендң болуы,  әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулылығын және рухани саулығын сезінуі. «Деніміздің саулығы – қоғамның байлығы осындай ұранмен  2020 жылдың 25 қаңтар күні колледж ұжымы арасында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Киров саябағы аумағында қысқы спорт түрі шаңғы тебуден  Денсаулық күні ұйымдастырылды.